СУИЦИД- ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ЕМЕС
2025 жылдың 10 сәуірінде “Кен орындарын игеру және сандық технологиялар мамандықтары” бөлімшесі ГС-23о оқу тобының топ жетекшісі Олжабаева Анар Нұрланқызы «Суицид-тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында ата-аналар жиналысын өтті. Ата –аналар жиналысына колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Б.Байғабылов, «Кен орындарын игеру және сандық технологиялар мамандықтары» бөлімшесінің меңгерушісі Ү.Усманов, колледж психологы С.Сейтжан қатысты.
Колледж психологы С.Сейтжан аталған тақырыпта сөз сөйлеп, суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, оқытушылар, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалуы қажеттігі ескертіліп, жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгенін атап өтті.
Жиналысқа қатысушылар қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі күрделі мәселелер: күйзеліске түсу, ойынқұмарлық, тәуелділік сияқты мәселелер туралы да өзара ой бөлісті.