6Жаңалықтар

Колледж психологы Сейітжан Сара және колледж инспекторы Романов Батыр Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген профилактикалық іс-шараның жүріп жатқандығын білім алушылар

Колледж психологы Сейітжан Сара және колледж инспекторы Романов Батыр Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген профилактикалық іс-шараның жүріп жатқандығын білім алушыларға ескертті. Сол шараға байланысты түнгі клубтарда, ойын-сауық мекемелерінде, түнгі мезгілде бейберекет жүрмеу керектігін айтып өтті. Түнгі уақытта ұсталған жағдайда ата-аналарына әкімшілік шара қолданатынын жеткізді. Құқық бұзушылық және оның салдары бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық және Қылмыстық кодексі (ҚК) бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен бірге білім алушылардың  ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, әр бір курс студенттерімен, мамандық бойынша топтармен ата-аналардың қатысуымен жеке жеке жиналыстар өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертті. Қызылорда қаласы көлемінде Жедел басқару орталығы бойынша бейнекамералар көше қиылыстарында орналасқан яғни студентердің келіп кетуі үнемі бақылауда екенді айтылды.