3Жаңалықтар

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,  балалардың қауіпсіздігін сақтау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде ағымдағы кестеге сәйкес «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Рейдтік шараға әкімшілік-педагогикалық құрам  жұмылдырылып, қала аумағында 6 бағыт бойынша кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оны ішінде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында кешкі және түнгі уақытта жүрмеуіне бағытталған профилактикалық іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осы орайда, құрметті ата-аналар! Сіздерге үлкен өтініш білдіре отырып, кәмелет жасқа толмаған балаларыңызды қатаң бақылауға алып, түнгі уақытта жүрмеуіне жауапкершілік танытып, заң бұзушылыққа жол бермеулеріңізді сұраймыз!