4Жаңалықтар

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,  балалардың қауіпсіздігін сақтау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде ағымдағы кестеге сәйкес «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
 Кен орындарын игеру және сандық технологиялар бөлімшесі жұмылдырылып, қала аумағында 6 бағыт бойынша кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында кешкі және түнгі уақытта жүрмеуіне бағытталған профилактикалық іс-шара бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілді.