3Жаңалықтар

«БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ, НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ»

«БҮКІЛ ӘЛЕМ СӨЙЛЕЙДІ, НАҚТЫ ҒЫЛЫМ ТІЛІНДЕ»
Кен орындарын игеру және сандық техника мамандықтары бөлімшесі.
Жалпы білімдік пәндер ПЦК-ның 2025 жылдың 12 мамыр күні.
«Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» тақырыбында апталықтың ашылу
салтанатты жиыны өтті.
Апталықтың мақсаты: Білім алушыларды ғылым әлеміне жетелеп, олардың таным көкжиегін кеңейту, нақты ғылымдар арқылы болашақ мамандықтарға жол ашу. Ғылымның таңғажайып құпияларын ашу арқылы жастарды зерттеушілікке, жаңашылдыққа және шығармашылыққа баулу. Саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел ертеңін сенімді қолда екенін сезіндіру.
Апталықты директордың оқу- жұмысы жөніндегі орынбасары Ермұхан Бауыржан Бақытжанұлы ашып, сәттілік тіледі.
ПЦК жетекшісі С.Смайлова апталық жоспарымен таныстырды.
Апталықтың ашылу салтанатында білімалушылар өздерінің пәндерге деген қызығушылықтарын химия, физика пәндері бойынша қызықты тәжірбиелер, математика пәні бойынша шахмат және Х-нөл (крестик-нолик)  ойыны, биологиядан ас қорыту мен тыныс алу жүйесін  макеттермен жұмыс жасау арқылы , информатикадан Arduino құрылғысымен жұмыс жасап, Arduino микроконтреллер. Arduino IDE программалық құрылымы, голограмма, virtual reality, яғни VR бағдарламалау негіздерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Апталықтың ашылу салтанатында білім алушылар пәндер бойынша алған білімдерін, өз қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Әр пән бойынша дайындалған мазмұнды әрі қызықты жұмыстар көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Апталықтың басталуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әсерлі әрі тартымды өтті.