АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА

16.05.2025ж Кен орындарын игеру және сандық техника мамандықтары бөлімшесі
Жалпы білімдік пәндер ПЦК-ның «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» тақырыбында апталықтың жабылу жиыны өтті.
Апталықтың жабылу рәсімінде ПЦК жетекшісі Смайлова С апталық аясында өткізілген іс-шараларға тоқталып, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Апталық қорытындысында қатысушылардың белсенділігі мен жетістіктері ерекше бағаланып, бұл шаралардың білімалушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал еткені айтылды.
Осы апталық аясында колледжден арнайы бекітілген зерделеу тобы жұмыс жүргізді. Апталықтың жабылуында колледж әдіскері Дербесова А.А. өткізілген әрбір іс-шараға қатысып, ашық сабақтар мен тәжірибелік жұмыстардың, олимпиада мен педагогикалық оқудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Зерделеу тобы мүшесі Қарақұл М.Б. оқытушылар қауымының кәсіби шеберлігі, жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануы, сондай-ақ білімалушылардың белсенділігі мен ғылымға деген қызығушылығы ерекше қуантқанын, әрбір шарадан терең дайындық пен шығармашылықты байқағандарын атап өтті. Апталық барысында білім мен тәрбие ұштасып, ғылым мен ізденіс қатар өрбіді десе болады деді.
Зерделеу тобы тарапынан барлық жұмыстарға жоғары баға берілді. Әріптестеріміздің жаңашыл әдістерді меңгеруі, білім беру үрдісіндегі заманауи бағыттарды тиімді қолдануы көңіл қуантады.
Апталық – бұл – ой мен ізденістің, ғылым мен еңбектің нәтижесі. Нақты ғылымдар апталығы осыған дәлел бола білді. Білімалушылар өз білімдерін шыңдап қана қоймай, ғылымға деген қызығушылығын арттырды. Оқытушылар болса, кәсіби тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайтты.