15Жаңалықтар

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ


ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
2025 жылдың 19-20 мамыр күндері аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында мемлекет және Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы отан соғысының ардагері Исатай Әбдікәрімовты еске алуға және Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің 95 жылдығына орай  колледж студенттері арасындағы облыстық волейболдан жарысы болып өтті. 
Жарыстың мақсаты білім алушылар арасында бұқаралық спортты насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Екі күнге созылған жарыстың нәтижесі төмендегідей:
І орын - Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі 🏆🥇
ІІ орын - Исатай Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледжі🏆🥈
ІІІ орын - “Болашақ” жоғары колледжі 🏆🥉
IV орын - "Орда" жоғары колледжі 
Сонымен қатар, үздік деп танылған спортшылар түрлі номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтаймыз!