«Әже жүрегіндегі ғұмыр – қыз жүрегіне құйылар нұр» рухани сырласу кеші өтті

«Әже жүрегіндегі ғұмыр – қыз жүрегіне құйылар нұр» рухани сырласу кеші өтті
Қай қоғамда да аналар мен әжелер – тәрбиенің темірқазығы, ұрпақтың рухани тірегі. Осындай қасиетті міндетті ұлықтаған, ұлт болмысы мен қыз баланың тәрбиесін дәріптеген тағылымды кешіміз өтті. Кеш тақырыбы – «Әже жүрегіндегі ғұмыр – қыз жүрегіне құйылар нұр».

Бұл тек кездесу емес, жүрек пен жүректің үндесуі, рух пен рухтың табысуы болды.

Қалжанова Разия Қалжанқызы- Облыстық әжелер алқасының төрағасы
Шаймағанбетова Қадіркүл Бердібекқызы- төраға орынбасары
Балмағанбетова Балбөпе Орынбасарқызы- алқа мүшесі
Колледж ардагер ұстаздары:
Махатова Гүлсара Нұртешқызы
Досжанова Шара Абдулатифовна
Баязитова Жумакүл Абсатовна
Қашақбаева Жаңыл
Есахаева Данагүл Алдабергенқызы
Кеш барысында:
- Әжелердің өмірлік тәжірибесі, даналығы мен аналық мейірімі жастарға өнеге ретінде ұсынылды;
Кештің ең бір толғандырар тұсы – ұрпақтар арасындағы рухани көпірге айналған сырлы сұхбат сәті болды. Бұл жай ғана сұрақ-жауап алмасу емес, бұл – жүректен жүрекке жеткен мейірім үні, ғасырдан ғасырларға жеткен даналықтың жібі еді.
- «Ақ орамал аманаты» арқылы символикалық өсиет берілді, бұл – жүрекке құйылған рухани жарықтай әсер етті.

Олар:
> «Қыз – ұлттың айнасы. Әуелі мейірімді, ибалы, инабатты болсын», – деп батасын беріп, жүректен шыққан тілектерін ақ жаулықпен бірге аманаттады.




Барлық қатысушы әжелер мен қыздарымызға, кеш қонақтарына зор алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі рухани кеш – өткеннің үні, бүгінгі жүректің тілі, болашақтың бағдары болды.
