![]()
"Сөз және Естелік:
Екінші дүниежүзілік соғыс орыс әдебиеті мен тілінде"
![🔰]()
16.05.2025 ж. Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде "Аманат" партиясының Қызылорда филиалымен бірлесіп "Сөз және Естелік: Екінші дүниежүзілік соғыс орыс әдебиеті мен тілінде" тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
![🔰]()
Конференцияның мақсаттары: Екінші дүниежүзілік соғыс туралы естелікті түсінуде және сақтауда әдебиет пен тілдің рөлін зерттеу, орыс тілі мен әдебиетіне деген танымдық қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың санасында патриоттық сезімді қалыптастыру.
![🔰]()
Конференция қорытындысы:
☆1 орын - Қожахметова Карима, Арал индустриалды-техникалық колледжінің студенті
☆2 орын - Ахылбек Аяна, "Болашақ" Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті, Мақсатқызы Нұршат, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенті
☆3 орын - Жұмадулла Рахман, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің студенті, Нұрекеева Аяна, Маралбек Аяна, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері.
![🔰]()
Конференцияға қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.