"Зорлық-зомбылықтың алдын алу" бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
"Зорлық-зомбылықтың алдын алу" бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция майоры Гүлзира Искакова Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дәріс оқыды. Кездесу барысында отбасы құндылығы, агресивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша мағлұмат береді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Б. Байғабылов сөз алып бала тәрбиесіндегі ең бірінші ата-ана одан кейінгі оқытушылардың үлкен рөл атқаратындығын айтты. Жас ұрпақтың тәтіпті саналы, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасу үшін ата-анамен ұстаздың рөлі зор. Колледж студенттері арасында құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажеттігін атап өтті. Шара соңында Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытында өткен облыстық флешмопта белсенділік танытқан топ жетекшілері Алғыс хаттарымен марапатталды.