4Жаңалықтар

Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні


Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл – халқымыздың бірегей тарихын, ұлттық болмысын, тәуелсіз мемлекет ретіндегі мәртебесін айқындайтын маңызды күн. Осы мерейлі күн аясында "Ауылшаруашылық мамандықтары" бөлімшесіне қарасты В-24 оқу тобында тәрбие сағаты болып өтті. Топ жетекшісі Қлышбаева М.Ж.
1992 жылғы дәл осы күні Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітіліп, егемен еліміздің мемлекеттік рәміздері ретінде тарих бетіне жазылды. Ал 2007 жылдан бері бұл күн «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заң аясында жыл сайын аталып келеді. Биыл тәуелсіздігіміздің айғағы болған қасиетті рәміздерге 33 жыл толып отыр.