![]()
![]()
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2025 жылдың 27-28 ақпан күндері Атырау облысы, «APEC Petro Technic» жоғары колледжі базасында өтілген ТжКББ ұйымдарының арасындағы Мұнай-газ саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсында колледжіміздің оқытушылары жетістіктермен оралды.
![🏆]()
Арнайы пән оқытушысы Мырзабаева Динара Сериковна байқауда жоғары кәсіби шеберлік танытып, ІІ орын иеленді. Оның шеберлігі мен тәжірибелік дағдылары әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.
![👩🏫]()
Сондай-ақ, байқауда «Геологиялық барлау және газбен қамтамасыз ету» ПЦК жетекшісі Бөлебаева Жанат Алпысбаевна сарапшы ретінде қатысушылардың жұмыстарын бағалауға әділ қазылық жасаған Алғыс хатпен марапатталды.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
![✅]()
Кәсіби дағдыларды жетілдіру - мұнай-газ саласындағы заманауи технологияларды меңгеруге ынталандыру.
![✅]()
Білім беру сапасын арттыру - ТжКББ ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
![✅]()
Тәжірибе алмасу - оқытушылар мен сарапшылар арасында озық педагогикалық әдістер мен тәжірибелерді бөлісу.
![✅]()
Салалық мамандарды даярлау - мұнай-газ саласына қажетті жоғары білікті мамандарды анықтап, оларды қолдау.
![✅]()
Инновациялық әдістерді енгізу - оқыту процесіне жаңа технологиялар мен әдістерді енгізуге ықпал ету.
Байқау мұнай-газ саласындағы білікті мамандарды даярлауға, инновациялық оқыту әдістерін енгізуге және үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттауға бағытталды.
Байқаудың негізгі кезеңдері:
![✅]()
Теориялық бөлім:
Мұнай-газ саласындағы кәсіби білім бойынша тестілеу.
![✅]()
Практикалық бөлім: 5 модуль бойынша өндірістік жағдайларға негізделген тапсырмаларды орындау. Заманауи технологиялар мен симуляторларды пайдалану арқылы жұмыс дағдыларын көрсету.
![✨]()
Мырзабаева Динара Сериковнаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оның кәсіби біліктілігі мен оқытудағы жаңашылдығы колледжіміздің абыройын асқақтатты.
![💐]()
Бөлебаева Жанат Алпысбаевнаның әділ бағалауы мен сараптамалық тәжірибесі байқаудың сапалы өтуіне үлес қосты. Бұл жетістік - колледжіміздің сапалы білім беру жолындағы жетістіктерінің бірі!
Әріптесіміздің еңбегі мен біліктілігін жоғары бағалай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!