РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДАН
ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Маусым айының 3-7 жұлдызы аралығында Алматы облысында өткен Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері мен қызметкерлері арасындағы Республикалық жарыс ел педагогтерінің білігі мен бірлігін тағы бір мәрте дәлелдеген айтулы дода болды.
Осы байрақты бәсекеде 16 команда ішінен суырылып алға шыққан Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушылары үстел теннисінен жүлделі ІІІ орын иеленіп, Сыр елінің абыройын асқақтатып қайтты.
Бұл — тек жеңіс емес, табандылықтың, тынымсыз еңбектің, ортақ рух пен ұжымдық күштің жемісі!
Жарыс жеңімпаздарын — Бакуов Болат Бакуұлын, Шарипов Сейілбек Дауренұлын және Ким Евгения Андрейқызын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақыттарда да толағай табыстар мен биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз.