11Жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: «Жұмыс беруші мекемелер бітіруші түлектермен кездесу»




       

        2025 жылдың 13 маусым күні жұмысшы мамандықтар жылына орай  Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Ветеринария» мамандығы бойынша бітіруші түлектерге  мамандық  бойынша  бағыт  бағдар  беру  мақсатында Қалалық ветеринариялық станция басшысының орынбасары және  эпизоотология бөлімінің  дәрігерімен  кездесу  өткізілді.

        Жұмыс  берушілер   бітіруші түлектерге мамандық  бойынша  мекемелер   туралы, еңбек нарығының талаптары  туралы, әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері  жәйлі  мәліметтер  берді.

        Кездесу  мақсаты: білім  алушылар  мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс орнату, түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту, заманауи еңбек нарығы талаптарымен таныстыру.

        Кездесуге  колледждің  ветеринария   мамандығының  16  бітіруші  түлектері, мамандық  бойынша  оқытушылар  және  жұмыс  беруші  мекеме  қызметкерлері  қатысты.