ЕҢБЕК АДАМЫ - Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Еңбек-адам өмірінің мәні, қоғамның дамуының басты қозғаушы күші. Еңбексіз өмір сүру мүмкін емес.Әрбір жетістік, әрбір игілік-еңбек адамының маңдай тері мен табандылығының жемісі.
Осы орайда Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде 34 жыл бойы жаңа идеялар мен жаңашыл көзқарастардың қалыптасуына ықпалын тигізіп, әр шәкірттің жүрегінде із қалдырған ҰСТАЗ - Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы туралы айтып өткіміз келеді.
Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы 1969 жылы 5 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында дүниеге келді.
Қызылорда Н.В Гогаль атындағы педагогикалық институтын физика және педагогика мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1991 жылы № 153 орта мектепте физика пәні мұғалімі болып бастады. Осы салада 34 жыл үздіксіз еңбек етіп келе жатқан білікті ұстаз, педагог- зерттеуші.
Колледжде бірнеше жыл «Жас оқытушылар мектебінің» жетекшілігін атқарып, Жас мамандарға арналған КОУЧИНГ«Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі», «Білім берудің заманауи трендтері» тақырыптарында әдістемелік жұмыстарды белсенді ұйымдастырды. «Физика пәнін жасанды интеллект арқылы үйрету» авторлық бағдарламасы бойынша керемет ашық сабақтар өткізді.
Бірнеше оқу- әдістемелік құралдарының авторы. «Физика пәнінен оқушыларға арналған жұмыс дәптері», « Физикалық есептерді шешу арқылы білім алушылардың физикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту» , «Физикадан күрделі есептерді шығару» әдістемелік нұсқаулығын дайындаған.
Перизат Сайфуллақызы «Жаңартылған бағдарлама: математика және жаратылыстану бағытындағы жаңа мазмұн» облыстық ғылыми- практикалық конференциясына қатысып, III дәрежелі Дипломмен марапатталған.«Білім беру ісінің үздік педагогы-2020» атты республикалық байқау I дәрежелі Дипломның,«Дарын» онлайн Республикалық пәндік олимпиада 11 дәрежелі Дипломының, Республикалық «Физика» Блиц- турнирінің I дәрежелі дипломының, Халықаралық интеллектуалды «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының III дәрежелі Дипломының иегері.
Перизат Сайфуллақызының ұзақ жылдардағы еңбектері еленіп, құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталды.
Қ.Р.Білім және Ғылым Министрлігі А.Аймағамбетовтың Алғыс хаты мен «Исатай Әбдікәрімов атындағы КАТВК - 90 жыл» мерекелік медалімен, Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамоталарымен,Алғыс хаттарымен, колледж директорының, кәсіподақ ұйымының алғыстарын алған білікті маман.