2Жаңалықтар

ЗЕРТХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

   

     Ел  экономикасының қарыштап дамып, бәсекелестікке төтеп беруі үшін сапалы мамандар қажет. 

     95 жылдық тарихы бар білім ордамызда- оқу-өндірістік жұмысы білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қызметінің ұқсас салаларына да бағдарланған, үнемі кәсіптік өсуге дайын, әлеуметтік және кәсіптік бейімділігі жоғары мамандар даярлауға бағытталған.

     «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК   Қызылорда облысы бойынша филиалының базасына колледжіміздің 07320700 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығының   Ад-24о оқу тобы білім алушылары мен арнайы пән оқытушысы Ибраева Жанат Абдукаримовнаның жетекшілігімен «Ашық есік» күніне барып, зертхана жұмысымен танысты.

     Мақсаты: орталықтың заманауи жол зертханасында жүргізілетін сынамалар түрлерімен танысып, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру. 

     Кәсіби бағдар барысында, колледжіміздің білім алушыларының қызығушылығымен құлшынысы жоғары болды.

     Ад-24о оқу тобының студенті Ибрагим Ақжол Берікханұлы зертхана мамандарының нұсқауымен асфальтобетон қоспасының үлгісіне сынама жүргізіп, оның тығыздығын анықтады.

     «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығының білім алушылары жылжымалы зертхананың да атқаратын қызметі және жұмысымен танысты. 

     Кәсіби бағдар алған колледжіміздің аталған мамандық студенттері өндірістік тәжірибеден өтуге зертханаға шақырылды.