4Жаңалықтар

"АЛҒЫС ЛЕНТАСЫ"

   

     Айдарымыздың келесі шығарылымын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжіндегі 29 жылдық еңбек өтілі бар, денешынықтыру пәнінің оқытушысы Бакуов Болат Бакуұлына арнаймыз.

   Бакуов Болат Бакуұлы 1975 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы-дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы. 

   Болат Бакулы білімділігімен, мәдениеттілігімен,адамгершілік қасиетімен көріне білген 


   ҰСТАЗ. Сонымен қатар үнемі ізденісте жүретін, жаңалықты  қабылдай білетін жан. Әр шәкіртке қамқорлық танытып, әділ баға бере алатын  маман иесі.

Қазіргі таңда Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің «Дене тәрбиесі және АӘД»  ЦӘК төрағасы. Студенттерге сапалы білім беру мен бірге, «Дене тәрбиесі және АӘД» ЦӘК жұмысын белсенді ұйымдастыруда. ЦӘК құрамындағы оқытушылар түрлі педагогикалық әдістерді қолдана отырып ашық сабақтар өткізіп, конференция, семинарлар, жарыстарға белсенді қатысуда.

Болат Бакулы 2007 жылдан бастап облыста үстел теннисінің дамуына үлес қосып келеді. Үстел теннисінен студенттерді дайындап облыстық, қалалық оқу орындар арасындағы жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған бірде бір спорт шебері. Оқу орындарының арасында облыс чемпионы және  Абай облысы, Түркістан облыстарындағы Республикалық оқытушылар арасындағы жарыстардың жеңімпазы.

     2019 ж. Қызылорда облысының үстел теннис федерациясын ашылуына қызмет жасап, облыстық, республикалық деңгейдегі турнирлерді ұйымдастырды. 2022 жылға дейін федерацияға жетекшілік жасады.Осы уақытқа дейін өзінің еңбек сүйгіштігімен қатар үстел теннисінен Республикалық, облыстық турнирлердің жүлделі орын иегері. Республикалық теннис лигасының жеңімпазы. Қызылорда облыс үстел теннисіне дамуына бірден бір  еңбек жасап келе жатқан азамат. Осы уақыт аралығында облыс Әкімінің, Ұлттық Ғылыми –практикалық дене тәрбиесі орталығының, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының, облыстық білім басқармасының, колледж директорының Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен және  спорт басқарма басшыларының дипломдарымен марапатталған. 

      Болат Бакулына  шәкірттеріңіздің Алғысы мен Құрметіне бөленіп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз дегіміз келеді.