2Жаңалықтар

"АЛҒЫС ЛЕНТАСЫ"



Ұстазды ұлықтау-әрбір қоғамның, әрбір ұлттың  парызы. Өйткені ұстаз-адамзатқа ілім мен білімнің шамшырағын жағушы, өмірге бағыт-бағдар беруші. Ұстаздың еңбегі тек қана сабақ түсіндірумен шектелмейді, ол-шәкірттің жүрегіне жол тауып, оны адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ізгілікке баулиды. 

      

95 жылдық тарихы бар Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде 25 жылдан бері оқушыларға Агрономия мамандығы бойынша білім беріп,тәрбиелеп келе жатқан ұлағатты Ұстаздардың бірі- Жунусова Несібелі  Жусупалиқызы.

Несібелі  Жусупалиқызы 1967 жылы Жалағаш  ауданы,Қаракеткен ауылында  дүниеге келген. 1988 жылы Ресейдің  Рязань қаласында  ауылшаруашылық  техникумын  бітіріп, 1997 жылы Қазақ  Ұлттық  Аграрлық Техникалық Университетін  аяқтаған. 1998-2008 жылдар аралығында Ы.Жақаев атындағы  Қазақ  Күріш  шаруашылығы  ғылыми – зерттеу  институтында ғалым-агроном  болып еңбек жолын бастаған. Институт жанындағы Ғылыми Кеңестің  мүшесі. 2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы. 

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, Несібелі  Жусупалиқызының  студенттерді республикалық, облыстық байқауларға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Шымкент  қаласында  өткен  «WorldSkils Kazakstan» Өңіраралық  чемпионатынан  жүлделі  1-ші  орынды иеленді. Колледж алдын көгалдандыру, теплица, оқу полигонында жүргізілетін жұмыстарға белсене қатысуда. Инновациялық технологияларды, жасанды интеллектіні қолданып жоғары деңгейде  ашық сабақтар өткізді. Жоғарыда көрсетілген еңбектері еленіп Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен,Құрмет грамотасымен, Облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен,облыстық білім бақсармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Колледждің 90 жылдық мерейтой медальінің, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері’’ төсбелгісінің иегері.

Несібелі  Жүсіпәліқызы сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі еңбегіңіз жемісті болып, әрқашан шәкірт сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз!!!