9Жаңалықтар

Жатақхана студенттерімен кездесу



Колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы жатақханада тұратын студенттермен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында:
🔹 Жатақханадағы тұрмыс жағдайы мен күнделікті өмірге қатысты мәселелер,
🔹 Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану жолдары,
🔹 Қауіпсіздік пен тәртіп ережелері,
🔹 Әлеуметтік және тұрмыстық қолдау мәселелері талқыланды.
 Студенттер өз ойларын ашық айтып, ұсыныстарын білдірді. Директор барлық пікірлерді назарға алып, жатақхана жағдайын жақсарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Мұндай ашық кездесулер студенттердің оқу мен өміріне қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ колледж бен студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.