2Жаңалықтар

2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні



Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде кәсіби мерекеге орай «Кәсіби білім – кемел келешек» атты салтанатты іс-шара өтті.

 Шара барысында колледж тарихына шолу жасалып, ардагер ұстаздар мен оқытушыларға құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар табысталды. Мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, студенттер ұстаздарға арнап өз өнерлерін паш етті.
 Салтанатты жиынды колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүнісов Абайбек Талғатұлы ашып, барша ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады. Сонымен қатар колледж ардагерлер кеңесінің төрайымы Есахаева Дана Алдабергенқызы құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарға облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарын табыс етті.
 Ұстаз – ұрпаққа бағыт берер шамшырақ, елдің болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға.
Барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірт жүрегіне егіп жүрген білім мен тәрбие дәні мәңгілік жасай берсін! 🌺
Ұстазға деген құрмет – елге деген құрмет!