"Ұстаз – мәңгі нұрдың қызметшісі!"

Колледжімізде ұстаздар қауымына арналған ерекше мерекелік шара өтті!
Бұл тағылымды шараны "Көлік және коммуникация мамандықтары" бөлімшесі ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – ұстаздық жолдың асқақтығын паш етіп, осы ұлы мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімін жеткізу.
Шара барысында шәкірттер жүрекжарды жыр арнады,
Бишілер ұлттық би биледі,
Көңіл тербеткен әндер шырқалды,
Ал үздік ұстаздарды колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүнісов Абайбек Талғатұлы түрлі деңгейдегі грамоталармен және арнайы номинациялармен марапаттады!
Ұстаз — рухани кемелдіктің кепілі, болашақтың бағдаршысы. Олардың еңбегі – ұрпаққа жол ашқан шырақ.
Өтілген іс-шарада біз ұстаздық жолдың ұлылығын тағы бір мәрте сезініп, еңбегімен ел ертеңін қалыптастырып жүрген ұстаздарымызға шынайы алғыс білдірдік.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаздық жол – ұлы жол!
Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!