«Қолыңнан келсе – кәсіп ет!»

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кәсіпкерлікке баулуға бағытталған «Қолыңнан келсе – кәсіп ет!» атты колледж білім алушылар арасында питчинг алаңы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – білім алушыларды кәсіпкерлікке баулу, олардың өз идеяларын еркін түрде ұсынуына мүмкіндік беру және жас кәсіпкерлерді қолдау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінің оқытушылары Абдраманова Р., Жүнісова А.
Питчинг алаңының алғашқы сөзін колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Дүрман Бақдәулет Дербесәліұлы. ашып, жастарды белсенділікке, жаңашыл идеяларды ұсынуға және оларды жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар, шара барысында колледж әдіскері Дербесова А., колледждің экономист-бухгалтері Мусабаева Р. және арнайы пән оқытушысы Қамбарбек Ж. қазылар алқасының мүшесі ретінде білім алушылардың жобаларын бағалап, кәсіби пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында әртүрлі бағыттағы кәсіптік идеялар ұсынылып, білім алушылар өз жобаларын қорғап, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Бұл питчинг алаңы тек теориялық біліммен шектелмей, практикалық тұрғыдан да маңызды тәжірибе алаңы болды.
Іс шара нәтижесінде
1 дәрежелі дипломммен
Бөлебай А. ОП-24о,
|| дәрежелі дипломмен
Күзенбай Б. ГС-23о,
||| дәрежелі дипломмен Қуанышбай Б. ГС-23о, Шүкірбек А. ТХ-24о оқу тобының студенттері марапатталды.