«Республикам менің, мақтанышым мерейім»

Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күні айрықша шаттықпен аталып өтті!
Салтанатты іс-шарада колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы ұжымды республика күнімен құттықтап шынайы лебізін білдірді.
Іс шара барысында туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімге толы жырлар мен әндер шырқалып, жүректерге рух сыйлады.
Сахна төрінде:
—Облыстық филармония әншілері, колледж түлектері мерекелік кешке әндерін орындап, тамаша көңіл күй сыйлап, көптің ыстық ықыласына бөленді.
— колледж білім алушысы Балғабай Нұржігіт – Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін тебірене оқыды және Есет Сержан – «Мен қазақпын» әнін шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
— Сырғалым би ансамблі тамаша биімен сахнаны әрледі.
Салтанатты концерттің шарықтау шегі –
«Кен орындары және сандық технология» бөлімшесі оқытушылары мен бірге ұжымдық орындауындағы халық сүйіктісі «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Барлық қатысушылардың қатысуымен, хормен бірге ән шырқады! ![🇰🇿]()
Бұл күн — азаттығымыздың айғағы, елдігіміздің нышаны!
Республика күні – Ұлт күні! Қазақ күні!
Қазақ елі жасай берсін!