3Жаңалықтар

«Халықаралық ынтымақтастық - болашаққа көпір»


Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Халықаралық  ынтымақтастық - болашаққа көпір» атты кездесу өтті.
Мақсаты:
●Студенттерге Германиядағы оқу тәжірибесі, ғылыми зерттеу әдістері мен кәсіби дағдылар туралы құнды ақпарат беру.
●Шет тілінде білім дағдыларын, еркін сөйлесу қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық жеткізу қабілеттерін,бір- бірін қолдау мәдениетін қалыптастыру. 
●Мәдени дәстүр мен ұлттық құндылықтарды таныстыру.    
Кездесу  сертификаттар табыстау рәсімімен басталды. 
2025 жылдың 30 қазаны мен 19 қарашасы аралығында Германияның SES бастамасын қорғау қоғамдық бірлестігінен келген сарапшы Ulrich Sperling мырза Жалпы білімдік пәндер оқытушыларына арналған тәжірибе алмасу курсын өткізді.
Халықаралық деңгейдегі маман ретінде SES сарапшысы өзінің ұзақ жылдар бойы жинақтаған кәсіби білімі мен тәжірибесін, заманауи педагогикалық тәсілдері мен жаңа форматтағы оқыту әдістерін терең әрі жан-жақты түсіндіріп, әрбір оқытушыларға  құнды бағыт-бағдар берді.
Халықаралық сарапшы жүргізген курсты сәтті аяқтаған 20 оқытушыға арнайы куәліктер табыстады. Бұл — оқытушылардың кәсіби дамуға деген ұмтылысы мен халықаралық деңгейдегі тәжірибені меңгеруге қосқан зор үлесінің маңызды дәлелі болды.
Одан әрі білім алушылармен ашық сұхбатқа ұласты. 
Білім алушылар Германиядан келген қонағымызға білім беру жүйесі, студенттік өмір, мәдени дәстүрлер және жастардың мүмкіндіктері туралы қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұны терең, әсерлі пікір алмасу жүргізді. Бұл кездесу студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және халықаралық тәжірибені жақыннан тануға үлкен мүмкіндік берді. 
Осындай игі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Білімге құштар, белсенді, жаңашыл жастарымыз көбейе берсін!