1Жаңалықтар

МАНСАП. «Сенімді түйіндеме – кәсіби табыстың кілті»


ПРАКТИКАЛЫҚ ТРЕНИНГ
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде 2025 жылдың 27 қарашасында колледждің Мансап және кәсіби бағдар беру  орталығы және жас оқытушылар Сейтхан Ақерке Ағытайқызы,Сүлеймен Аяжан Қалымбекқызының ұйымдастыруымен «Сенімді түйіндеме – кәсіби табыстың кілті» бітіруші топ студенттеріне арналған түйіндеме жазу бойынша практикалық тренинг өтті. 
Мақсаты-студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін тиімді,сауатты және кәсіби түйіндеме дайындаудың негізгі қағидаларын үйрету.
Тренинг барысында студенттер:
-резюмеде міндетті түрде болуы тиіс бөлімдермен танысты;
-өз дағдылары мен жетістіктерін дұрыс көрсету тәсілдерін меңгерді;
-жұмыс берушілерге әсер қалдыруға көмектесетін лайфхактарды алды;
-тікелей практикалық түрде жеке резюме дайындап көрді.
Сонымен бірге мекемеге бару әдебі, дресс-код түсіндірілді. Жұмысқа орналасу кезіндегі сұхбатқа дайындық ретінде  рөлдік ойындар ойнатылды.Іс-шара соңында
Рефлексия жасалды:
Мен үшін түйіндеме туралы ең маңызды ақпарат – …
Болашақта түйіндеме жасағанда бірінші кезекте мән беретінім — …
Сұхбатқа дайындықта өзімде дамытқым келетін қасиет — …
Іс-шара бітірушілердің болашақ мансабын жоспарлауда маңызды қолдау болып,кәсіби бағыт-бағдар берілді.