Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған кездесу өтті

2025 жылдың 28 қарашасында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны аясында маңызды кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық және психологиялық кеңес беру.
Кездесуді колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Абайбек Жүнісов ашып, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Спикерлер қатарында:
Ш. Балтабеков – қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры
Қ. Советқызы – облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы
Г. Алмырзаева – жастар денсаулық орталығының валеологы
А. Ерболат – Қызылорда ҚПБ-ның отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы
Д. Жүсіпбаева – «Ана үйі» қоғамдық қорының жетекшісі
Шара барысында студенттерге:
• гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары
• ерте жүктіліктің салдары
• тұрмыстық зорлықтан қорғану механизмдері
• құқықтық және психологиялық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша кең көлемді ақпарат берілді.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, қоғамдағы әйелдер құқығын қорғаудың маңызын түсіндіру.