ТАЛАНТ ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ЖЕҢІСІ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

WORLDSKILLS чемпионатының Республикалық кезеңінде Ветеринария құзіреттілігі бойынша «Ауылшаруашылық мамандықтары» бөлімшесіндегі В-22о оқу тобының студенті Әлиәкім Нұрбек, жетекшісі Сматов Бақытжан Сакенұлы жүлделі III орынды иеленді.
Әр жаттығудың артында-үлкен еңбек, әр жүлденің артында - мықты маман дегендей, жеңімпаз студентімізді чемпионатқа жан-жақты дайындап, әр сәтте қолдау көрсеткен директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Айтенова Магырипа Махмутқызына, бөлімше меңгерушісі Бисенбаев Бағдат Бүркітбайұлына, оқытушылар Сматов Бақытжан Сакенұлына, Ертілеуова Мөлдір Сансызбайқызына, Клышбаева Мархабат Жамбылқызына, Райсова Ақнұр Қайратқызына алғыс білдіреміз!!!