ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2026 жыл қаңтар айының 9-жұлдызында Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында, Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы ерлікке – 115 жыл: Момышұлы мұрасы» республикалық шығармашылық байқауында 1 курс білім алушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
Сурет салу және қолөнер номинациясы бойынша электр жабдықтары мамандығының І курс студенті
Әбжали Нұрсұлтан — жүлделі І орын иегері.
Ғылыми жоба бағыты бойынша сандық техника мамандығының І курс студенті Жұмахан Мерейлім — жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
Жеңімпаз студенттерді байқауға дайындаған жетекші —
Қарақұл Мейрамкүл Байболатқызы.
Жеңімпаздарды және жетекшісін жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы оқу-ғылыми және шығармашылық қызметтеріне табыс тілейміз.