0Жаңалықтар

«Жаңа кітап –жаңа әлем»


Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 21 қаңтарда «Жаңа кітап – жаңа әлем» тақырыбында жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, танымдық шолу-таныстырылым өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жаңа әдебиеттермен таныстыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және заманауи технологиялар арқылы кітаптың құндылығын насихаттау болып табылады.
Іс-шараға «Ауылшаруашылық мамандықтары» және «Кен орындарын игеру және сандық техника мамандықтары» бөлімінің бірінші курс студенттері, сондай-ақ топ жетекшілері қатысты.
Көрме екі негізгі бөлім бойынша ұйымдастырылды.
Бірінші бөлімде көркем әдебиетке арналған жаңа кітаптар ұсынылып, оқырмандарға рухани байлық, адамгершілік, өмірлік құндылықтарды насихаттайтын шығармалар таныстырылды.
Ал екінші бөлімде мамандықтарға байланысты жаңа кітаптар қойылып, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беретін, әр мамандық бойынша және болашаққа сенімді қадам жасауға көмектесетін еңбектерге шолу жасалды.
Көрменің ерекшелігі — жаңа кітаптардың жасанды интеллект көмегімен «Жанды мұқабалар» форматында көрсетілуі болды. Кітап мұқабалары қозғалысқа еніп, мазмұны визуалды түрде ашылып, студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл заманауи тәсіл көрменің мазмұнын жастарға жақын әрі әсерлі ете түсті.
«Жаңа кітап – жаңа әлем» кітап көрмесі білім алушылар үшін мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор, танымдық іс-шара ретінде қатысушыларға әр түрлі жанрдағы кітаптарға мамандықтар әлеміне саяхат жасап,өз салалары бойынша құнды ақпарат пен шабыт алатын жаңа кітаптармен насихатталды. Көрмеге соңғы уақытта жарық көрген түрлі жанрдағы тың кітаптар қойылды. Көрмеде ұсынылған кітаптар арасында  тарихи және ғылыми – көпшілік әдебиеттер, танымал шетел авторларының аудармалары бар.