“Жылу әлемі – жас техник” атты интеллектуалды-практикалық сайысы

2026 жылдың 23 қаңтарында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде “Жылутехникалық жабдықтар және жылумен қамту жүйелері” мамандығының студенттері арасында “Жылу әлемі – жас техник” атты колледжшілік интеллектуалды- практикалық сайыс өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және мамандыққа деген қызығушылығын ояту.
Сайыс барысында қатысушылар жылутехникалық жабдықтар мен жылумен қамту жүйелері бойынша білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және практикалық дағдыларын көрсете білді. Белсенділік пен шапшаңдық, білім мен тәжірибе қатар сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Бердібекұлы Қазбек, II орынды Әділбеков Арман және ІІІ орынға Нағашыбай Аружан ие болды.
Жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталған осындай сайыстар студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.