ҚЫЗ БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Бүгін Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде колледж медбикесі Байжанова Нургул Нурлановна мен психолог Сейітжан Сара, әлеуметтік педагог Қалиева Жазира ұйымдастыруымен 1 курс қыздарымен "Қыз балалар арасындағы ерте жүктілік және жыныстық сауаттылық" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ерте жүктіліктің зиянды жақтарын қыз балаларға түсіндіру барысында,денсаулыққа кері әсер ететіндігін және өз болашақтарына немқұрайлы қарамай әр бір қыз бала болашақ ана ретінде жауапкершілікті сезіне білуі керек.
Жиналыста білім алушылар кері байланыс жасап ойларында жүрген сұрақтарын қойып, қажетті ақпаратты алғандарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.
Жасөспірімдер - мемлекеттің ең басты байлығы және ертеңгі болашағы.