SES - САРАПШЫСЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ ӨТУДЕ




      SES -  Senior Experten Service (Германия) қызметі аясында 2024 жылдың 02-23 қарашасы аралығында “Энергетика” саласы бойынша тәжірибелі сарапшы Курт Ричард Динг мырзамен бірқатар іс-шаралар мен іс-жоспарлар жүзеге асырылмақ. Бұл бағдарлама колледж қызметкерлері мен оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған және SES сарапшыларының қызметтерін пайдалануға негізделген.

       SES сарапшысының дәрістерінде Германияның білім беру жүйесінен бастап техникалық білім беру бағдарламалары мен инженерлік құралдары тақырыптары қамтылатын болады. 

            Германиядағы техникалық білім алудың ерекшеліктері, сенсорлардың жұмыс принциптері мен олардың әртүрлі қолдану салалары, сигналдарды қажетті пішінге келтіру үшін қолданылатын әдістер мен құралдар, электронды құрылғыларда қолданылатын есептеу жүйелерінің негіздері, электронды және электрлі параметрлерді өлшеуге арналған зертханалық аспаптар, өндірістік процестерді автоматтандыруға арналған программаланатын логикалық контроллерлер (PLC), роботтардың құрылымы мен оларды басқару жүйелері, ғимараттарды автоматтандыру технологиялары мен осы саладағы заманауи құралдар, техникалық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет IT-инфрақұрылымдар зерттеледі.

     Бұдан бөлек, профессор Курт Германиядағы кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің артықшылықтарын түсіндіруде. 

         Биылғы жылдың 4-7 желтоқсан аралығында «АРЕС Training Center» ұйымы арқылы халықаралық салалық  аккредиттеудің соңғы 4-кезеңі жүзеге асады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде SES сарапшысының келуі «Энергетика» саласы бойынша халықаралық салалық  аккредиттеуден өтетін оқытушылар мен оқушылардың тәжірибелік жұмыстарының нәтижелі болуына өз көмегін бермек.