ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІН ЖАСАСТЫ


         Қараша айының 01 күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі білім беру сапасын қамтамасыз ету сонымен бірге, техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастықты жолға қою мақсатында меморандум жасасты. 

          Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы қол қойған шартта төмендегідей бірнеше ынтымақтастық салалалары көзделген. 

  1. білім беру қызметін іске асыруға және бірлескен жобаларды ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу
  2. тараптар өкілдерінің білім беру және кәсіптік қызметтегі тәжірибесімен және білімімен алмасу
  3. ақпарат беру және алмасу
  4. кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өту
  5. оқу жоспарларын құру және өзектендіру бойынша бірлескен жұмыс
  6. кадрларды даярлауда әріптестік байланыстар орнату
  7. кәсіптік бағдар беру жұмыстары
  8. халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін білікті кадрларды даярлауды жетілдіру мақсатында колледждердің ресурстарын пайдалану 

Жасалған уағдаластық негізінде тараптар алдағы атқарылатын шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға келісті.