МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

     

     Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті мен  Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі арасында меморандумға қол қойылды. Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директордың оқу ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Ермуханов Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті Басқарма Төрағасы-Ректордың м.а. Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлымен кездесті.

       Әріптестіктің мақсаты - Қызылорда облысының агроөнеркәсібі кешенін дамытуда ғылыми және инновациялық жетістіктерді тиімді пайдалануды Университетпен бірлесе отырып іске асыру. Техникалық кәсіптік және орта білімінен кейінгі білім беру бағдарламаларын 5АВ08410101 Ветеринария қолданбалы ветеринария бакалавры біліктілігі бойынша жоғары техникалық білім беру бағдарламаларымен интеграциялау бойынша жұмыс жасау. Біліктілікті арттыру курстары, PhD докторантурасы, магистратура арқылы инженерлік-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға жәрдемдесу.

        Кездесу барысында екі тарап өзара оқытушылар құрамы мен білім алушылардың тәжірибе алмасуын, бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, Ауылшаруашылық саласының мамандар даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың заманауи әдістерін енгізу мақсатында кең көлемде талқылады. 

        Университет және Колледж білім беру қызметін насихаттауға бағытталған кәсіптік бағдарлау іс-шараларын жүгізуге, Колледж түлектерінің Университетте оқуды жалғастыру бойынша жұмыс жасауға келісті.