ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТКЕНІН ХАБАРЛАЙДЫ!
NCCER мамандықтарды бағалау және сертификаттау ұлттық бағдарламасы орталығының персоналды дамыту және аккредиттеу департаментінің директоры Кэти Тайлердің 2024 жылдың 13 желтоқсанындағы арнайы хатымен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі NCCER ұйымының аккредитациясымен бағалау бағдарламасы бойынша тіркелгендігін растады.
Колледж Қазақстанда NCCER бағалау тестін өткізетін ұйым болып бекітілді.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі «Энергетика» бағыты мамандықтарының 11 білім алушылары NCCER мамандықтарды бағалау және сертификаттау ұлттық бағдарламасы негізінде «Коммерциялық электрик» мамандығы бойынша Халықаралық дәрежеде сертификатталды!
Колледж ұжымын жеткен жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестер мен толағай табыстарға жете беруіне тілектестік білдіреміз!