Оқу-әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына сәйкес «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК екі мамандық бойынша РОӘБ болып табылады:

  • 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
  • 07321400 Гидротехникалық мелиорация

 

ОӘБ-нің негізгі мақсаты – ТжКБ ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табылады.

ОӘБ қызметінің негізгі міндеттері:

1.ТжКБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

2.ТжКБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

3.ТжКБ ұйымдарын оқу процесін ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ету;

4.Дайындалған оқу әдебиеттеріне, аударылған шетелдік оқу әдебиеттеріне және оқу құралдарына, ТжКББ білім беру бағдарламаларына, әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі мақсаттағы тест тапсырмаларына сараптама жүргізу, рецензиялау;

5.Оқу әдебиеттерін, ОӘК, электрондық оқулықтарды сынақтан өткізуді ұйымдастыру;

6.ТжКБ ұйымдарында пайдалану үшін қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының, ОӘК тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсынымдар енгізу;

7.Инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;

8.Кредиттік оқыту технологиясын және дуальды оқыту жүйесін енгізу практикасын талдау;

9.ОӘБ бейініне сәйкес келетін ТжКБ мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүргізетін ұйымдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.