КҮЗГІ АСАР-2024» КҮЗГІ БАЛЛ БАЙҚАУЫ



     Бүгін И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жұмыс жоспарына сәйкес, "Еңбегі адал, жас өрен" жобасы аясында аға топ жетекшілері мен топ жетекшілердің ұйымдастыруымен 1 курс оқу топтары арасында «КҮЗГІ АСАР-2024» күзгі балл байқауы өткізілді.

     Мақсаты - Білім алушыларды еңбекке баулу, достықты насихаттау, жауапкершілікке тәрбиелеу, күздің молшылық пен береке айы екенін түсіндіру. Жауапкершілік сезінетін адамға әдетте жұрт сенім артады. Жaуапкершілік ол – aдaм бойындaғы белгілі бір істі, өзіне тaпсырылғaн міндетті орындaп жүзеге асыруынан бaйқалатын aдaмгершілік қaсиет.

Байқау кезеңдері:

1. «Сәлем-сөздің анасы» (жұптардың таныстыруы)

2. «Өнер-таусылмас азық» (жұптардың өз өнерлері)

3. «Күз кереметтері» (жұптардың киім үлгісі және күздік көрме ұйымдастыруы)

Әділ-қазылар мүшесі:

Колледждің оқу бөлімінің меңгерушісі Аймбетова Эльмира Сейткәрімқызы;

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Баймұрза Әсетхан Қахиханұлы;

«Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының Кеңесшісі Қасым Сабыржан;

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Балаби Айдана.

Әділ-қазылардың бағалауымен байқау жеңімпаздары анықталды.


Нәтижесінде:

«Күзгі ханзада мен ханшайым» номинациясымен ТХ-24о оқу тобының білім алушысы Анарбай Әлішер мен АТС-24о оқу тобының білім алушысы Бекмахамбет Диана иеленді.

«Үздік қойылым» номинациясымен МСХ-24о оқу тобының білім алушысы Егізбаев Бердібек және АГ-23о оқу тобының білім алушысы Серікхан Назерке иеленді.

«Шебер жұп» номинациясымен ПГС-24о оқу тобының білім алушысы Әбдіразақ Назгүл мен Ад-24о оқу тобының білім алушысы Мамут Жансерік иеленді.

Үздік таныстыру» номинациясымен ПГС-24о оқу тобының білім алушысы Нұрланқызы Аида мен ПГС-24о оқу тобының білім алушысы Сәдуақас Күнтуған иеленді.

«Сәнқой жұп» номинациясымен В-24 оқу тобының білім алушылары Шамшадинов Ғалымжан мен Қуанышбекқызы Шұғыла иеленді

«Жарасымды жұп» номинациясымен ЦТ -24о оқу тобының білім алушылары Асан Нурдаулет пен Романқызы Дильназ иеленді. 

«Өнерлі жұп» номинациясымен РС-24о оқу тобының білім алушылары Аманбай Айзере мен Мұратбек Айбек иеленді.

«Үздік сән үлгісі» номинациясымен ТХ-24о оқу тобының білім алушысы Бадредиинов Бахтияр мен АТС-24о оқу тобының білім алушысы Қайырбек Малика иеленді.

Байқау әсерлі де, тартысты өтті.