КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ ТОП БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

     


    

 2024 жылдың 8 қараша күні И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжнің директоры техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүнісов Абайбек Талғатұлы топ басшыларымен кездесті.

      Кездесу барысында студенттік өмір, колледжде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, күнделікті өмір, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қозғалды. Кездесудің екінші бөлімі сұрақтар мен жауаптар түрінде өтті, онда студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын  бірінші кезектегі мәселелерді шешу жолдарын іздеу. Сондай-ақ, басшы студенттердің колледждегі өмірі қаншалықты қызықты және нәтижелі өтетіні студенттердің өздері қатысуы мен қызығушылығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

          Кездесуді қорытындылай келе, студенттерді белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, студенттер әрдайым колледж әкімшілігіне хабарласып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес алатынын еске салды. Кездесу бейресми және достық жағдайда өтті.