17 қараша - “Халықаралық студенттер күні” аталып өтті

      


     И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің 1-курс білім алушыларына студенттік билет және сынақ кітапшасын тапсыру үшін мерекелік кеш өткізілді.

      Кеш барысында директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары Ермұхан Бауыржан Бақытжанұлы 17 қараша - Студенттер күні мерекесімен құттықтап белсенді студенттерді алғыс хаттарымен марапаттады.

      Білім алушыларға студенттік билет және сынақ кітапшалары табысталып, кеш соңы көңілді әнмен мерекелік бағдарламамен жалғасты.

      Құрметті студенттер төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сынақ кітапшаларыңыз үздік баға мен жетістікке толы болсын! Алар асуларыңыз, жетер жетістіктеріңіз таусылмасын!