Жастар денсаулығы - қоғам болашағы
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында денсаулық сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараға қалалық №1 емхананың гинеколог дәрігері А.Ш. Сулейменова, психолог М. Ермаханова, колледж мейірбикесі мен психологы қатысып, студент қыздарға ерте жүктіліктің салдары, жыныстық тиіспеушілік, отбасын жоспарлау және салауатты өмір салты жайлы маңызды мәліметтер берді.
Маман пікірінше, жасанды түсік жасатқан қыздардың 30%-ы түрлі ауруларға шалдығады. Сондықтан әр жасөспірім өз денсаулығына бейжай қарамай, дұрыс таңдау жасауы қажет.
Шара соңында студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.