Облыстық прокуратура өкілі студенттермен кездесті
2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» акциясы аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Баттал Жарылқасын Жангелдіұлы 1-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттермен әңгімелесу жүргізіліп, жастарға:
– 18 жасқа дейінгі балалардың арасындағы құқық бұзушылық,
– жыныстық қолсұғылмаушылық,
– буллинг және кибербуллинг,
— есірткіге қарсы күрес,
– өзге де заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараға колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Б. Байғабылов қатысып, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен заңды құрметтеу қажеттілігіне назар аударды.
Бұл кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.