Жастарға бағыт – отбасы құндылықтары мен қауіпсіз қоғам

     
 

     Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде 1 курс білім алушыларымен отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, сондай-ақ құмар ойындар мен алаяқтықтың зардаптары тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

     Іс-шараға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Б.Байғабылов, Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚКб инспекторлары полиция капитаны А.Асанбаева, полиция капитаны Б.Бурханова және полиция лейтенанты А.Серікқызы қатысты.

     Спикерлер өз сөзінде:

     Отбасының қоғамдағы орны мен құндылығы,

     Жастардың дұрыс тәрбие алуы,

     Құмар ойындардың зияны,

     Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары,

     Заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен тоқталды.

     Отбасы – әр адамның тірегі, сенім мен мейірімнің ошағы. Әрбір жас қауіпсіз ортада өсіп, өз болашағын дұрыс бағытта құруы үшін мұндай кездесулердің маңызы зор.


     Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастарды жаман әдеттерден сақтандыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және мықты да берік қоғам қалыптастыру.