БОС ЛАУАЗЫМДЫҚ ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


БОС ЛАУАЗЫМДЫҚ ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

    Қызылорда облысы білім басқарамасының «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» КМҚК (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 8, тел. 8(7242)261191, э/почта:  ivcn@mail.ru.

  1. Дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы – 2 бірлік (жүктеме-720 сағаттан әр бірлікке). Жалақы 150000-180000 теңге.
  2. Гидротехникалық мелиорация мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы – 1 бірлік (жүктеме 720 сағат) Жалақы 150000-180000 теңге.
  3. Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы – 1 бірлік (жүктеме 720 сағат) Жалақы 150000-180000 теңге.
  4. Электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы - 1 бірлік (жүктеме 720 сағат) Жалақы 150000-180000 теңге.
  5. Физика пәнінің оқытушысы 1 бірлік (жүктеме 720 сағат) Жалақы 150000-180000 теңге.

 

    Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 

    Техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 27-тамыздан бастап 04-қыркүйек сағат: 18:00-ге дейін. Садвакасова Алия тел.: 8 7774547956 (құжат қабылдау)

    Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы      21 ақпандағы №57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік   білім беру  ұйымдарының   бірінші  басшылары  мен   педагогтерін  лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 №259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 №343 бірлескен бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

    Конкурс өткізу күні мен орны: 05.09.2024 жылы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, №8. Қызылорда облысы білім басқарамасының «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» КМҚК.

    Конкурсты өту кезеңдерді:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;

3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау.

    Кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалықәдепнормаларынбұзутуралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

    Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

      1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8)  наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

    Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

    Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

    Қосымша ақпарат: Садвакасова Алия тел.: 8 7774547956 (құжат қабылдау).


Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет