КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫ



И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің ЖАТАҚХАНАСЫ

Жатақхана студенттерінің тұруына ыңғайластырылып негізінде салынған 200 адамға арналған, 5 қабатты  жатақхана 1980 жылы іске қосылды. Колледж жатақханасы 2019 жылы ағымдық жөндеуден өтті. Онда асхана, кітапхана, үлкен конференц залы, демалыс залы, қонақ бөлмелер мен  студенттердің демалатын  бөлмелері бар. Жатақхана үйі (ғимарат) қазіргі технологиямен жабдықталып, біздің студенттердің барлық талабына сай жауап береді. Жатақханада түрлі танымдық, тағылымдық, патриоттық бағыттағы кештер, көңілді сайыстар өтіп тұрады. Жатақхана студенттері арнайы колледж әкімшілігі бекіткен ережеге бағынады. Аталған ереже колледж жатақханасында тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтарын, ішкі тәртіпті және жатақханаға орналастыру жүйесін реттейді. Колледж жатақханасында тұратын студенттердің Ішкі тәртіп ережелері талаптарын сақтауын қадағалау тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына, Жатақхана тәрбиешісі жатақхана меңгерушісіне, күзет қызметіне жүктеледі. Студенттер медициналық бақылаудан өткен анықтама қағаз, өтініш негізінде жатақханаға орналастырылады. Студент тазалық, тәртіп сақтауға; жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға әдептілік көрсетуге; жатақханадан шыққанда өз бөлмесіндегі терезені, есікті кілттеп, кілтін жатақхана қызметкеріне беруге; жатақханадан көшкен жағдайда 5 күн бұрын жатақхана қызметкеріне ескертуге; жатақханаға тиісті аумақты ластаушы қоқыстар мен шылым қалдықтарын терезеден лақтырмауға міндетті. 

Колледж жатақханасына студенттерді орналастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде студенттер медициналық бақылаудан өткен анықтама қағаз, өтініш негізінде жатақханаға орналастырылды.   

II - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйым басшысының атына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
  2. қандас мәртебесі туралы құжат;
  3. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет