«ҰЛЫЛАР ІЗІМЕН» Сәкен Сейфуллин - 130 жыл
Қазақ әдебиетінің негізін құраушы, үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жылдығы аталып өтуде. Осы атаулы датаға орай 16 қазанда И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж кітапханасымен және «Энергетика және құрылыс» бөлімінің оқу тобы ТЭУ-24о топ жетекшісі Қарақұл М. бірлескен С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлылар ізімен» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Сәкен Сейфуллин –қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғаларының бірі, мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Ол ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық әдебиеті мен мәдениетіне зор үлес қосқан, сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік қызметтің негізін қалаған адамдардың бірі ретінде есте қалады. Оның шығармалары-ұлттың рухани қазынасы.
Іс –шараның мақсаты: С.Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын жаңғырту, оның әдеби, мәдени және тарихи мұрасының өзектілігін жастарға жеткізу, ақынның қазақ тарихындағы рөлін көрсету. Кеш аясында С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильмдер, көрмелер, кітап таныстырылымдары жасалып және оқушылар ақынның өлеңдерін, монологтарын мәнерлеп оқып, әндерін шырқады.
Аталмыш шара Сәкен Сейфуллиннің рухани мұрасын дәріптеп, өскелең ұрпаққа оның еңбектерінің маңыздылығын ескеретін әсерлі кеш болды.