35Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН 2025 ЖЫЛ - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН 2025 ЖЫЛ - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

Бұл бастама аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мақсатында маңызды шаралар қолға алынды.

Қазақстан Үкіметі жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөнінде республикалық жоспарды бекітті. Сонымен қатар, 2025-2027 жылдарға арналған кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялау Жол картасы қабылданды.

Елімізде қазіргі уақытта 772 колледж жұмыс істейді, онда жарты миллионнан астам студент білім алуда. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаймақ.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша жүзеге асырылып жатқан шараларға ерекше тоқталып өтті. Онда:
 • Заманауи материалдық-техникалық база
 • Педагогтердің біліктілігін арттыру
 • Бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту
 • Дуалды оқыту жүйесін дамыту басты бағыттар болып табылады делінді.

Қазақстанның 10 колледжі басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізіп, интернационализациялау процесін бастамақ. Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Маңызды шаралар:
 1. Астанада Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылып, техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау мен дамыту жүзеге асырылады.
 2. Ақтау қаласында TURKISkills-2025 түркітілдес елдер арасындағы алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.

2025 жылдың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандарды даярлау, кәсіптік-техникалық білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін нығайту.