20Жаңалықтар

«БІЛІМ БЕРУДЕ КРЕАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ЗАМАНАУИ ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ» тәжірибе алаңы

«БІЛІМ БЕРУДЕ КРЕАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ЗАМАНАУИ ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ»  тәжірибе алаңы
2025 жылдың мамыр айының 12 мен 16 аралығында колледж базасында «Кен орындары және сандық техника» бөлімшесіне қарасты жалпы білімдік пәндер циклінің «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» тақырыбында апталықтың ашылуы болды. Апталық аясында информатика пәні оқытушылары: Тәжімбетова К., Прмаганбетова Г., Байназарова А. «Білім беруде креативті технологиялар: заманауи жаңа цифрлық платформалар мен құралдарды тәжірибеде қолдану» тақырыбында тәжірибе алаңын өткізді. 
Тәжірибе алаңының мақсаты: Оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыру, креативті және инновациялық цифрлық платформалар мен құралдарды сабақ үдерісіне тиімді енгізу. Оқу-тәрбие үдерісінде креативті цифрлық технологияларды, платформалар мен құралдарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.
Тәжірибе алаңы барысында оқытушылар креативті және инновациялық цифрлық платформалар мен құралдарды оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу – тек технологияны қолдану ғана емес, ол білім алушылардыңдың қызығушылығын оятып, шығармашылығын дамытудың қуатты құралы екеніндігіне тоқталып өтті.
Оқытушылар  білім беруді цифрландырудың тиімді үлгілерін таныстыра отырып, болашақтағы ұрпақтың цифрлық әлемге дайындығын арттырады. Ол тек теориялық білім беру ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік шешімдерді талқылауға мүмкіндік береді. «Білім беруде креативті технологиялар: заманауи жаңа цифрлық платформалар мен құралдарды тәжірибеде қолдану» тақырыбы аясында білім берудің болашағын қалыптастыратын инновациялық трендтерді, цифрлық шешімдерді және оларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу әдістерін талқылады.  
Тәжірибе алаңы біздің кәсіби қауымдастықты біріктіретін, білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды іс-шара. Барлығымыз үшін пайдалы, толық мазмұнды және серпінді болды. Сондықтан, оқытушылар, тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар цифрлық көшбасшы, шабыттандырушы, бағыттаушы болуымыз керек. Әр сабағымызда заманауи платформаларды шебер қолдана отырып, білім алушының жеке дамуына жол ашып, оның білімге деген құлшынысын арттыра білуіміз қажет.