«SКАFFOLD: Оқытуда сабақты заманауи жобалау әдісі»
![🖊️]()
2025 жылдың 12 мамыр - 23 мамыр аралығында колледж оқытушылары "SKAFFOLD құралдарын пайдаланып оқу сабақтарын жобалау" атты білім беру бағдарламасы бойынша "TALAP" КЕАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсынан өтті.
![📝]()
Курсты тәжірибелі тренер Бакбергенов Бауыржан Омирзакович жүргізді.
![🔎]()
Бағдарламаның негізгі мақсат,міндеті - Skaffold құралын қолдана отырып, құзыреттілікке бағытталған сабақтарды жобалауға қажетті педагогикалық құзыреттерді дамыту және жетілдіру, Skaffold құралын білім беру тәжірибесінде меңгеру және қолдану, білім беру қызметіне құзыреттілікке негізделген тәсілді интеграциялау, инновациялық сабақтары жобалау. Оқу барысында педагогтер SКАFFOLD әдісінің негізгі қағидаларын меңгеріп, оны оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын қарастырды.
Курс барысында қатысушылар:
![📌]()
SКАFFOLD әдіснамасының құрылымы мен кезеңдерін меңгерді;
![📌]()
Студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған сабақтарды жобалады;
![📌]()
Практикалық кейстер арқылы өз пәндеріне арналған сабақ үлгілерін әзірледі;
![📌]()
Интерактивті әдістер мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын үйренді.
![🔖]()
Нәтижесінде: Қатысушылар оқу процесін заманауи әдістемемен жобалауға қажетті білім мен дағдыларды меңгеріп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған нақты шешімдер дайындады.
![🖇️]()
Бұл курс - оқытушылар үшін кәсіби дамуға серпін беретін, білім беру үдерісін жетілдіруге арналған маңызды тәжірибе алаңы болды.