9Жаңалықтар

«Жылу техникалық жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері»

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында 2025 жылдың 4 маусымында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің  07130400 – «Жылу техникалық жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығы бойынша, өндірістік тәжірибе жетекшісі Д.С.Нурманова және МКК «Қызылордажылуэлектрорталығы»   мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, мекеме базасында ТС-22о оқу  тобының студенттеріне теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында шеберлік сағаты өткізілді. 
  Шеберлік сағатында турбина цехының бастығы А.В.Коваженко мен турбина цехы бастығының орынбасары А.Турмагамбетов студенттерге жылу жүйелерінің жұмыс принциптерімен, технологиялық сұлбасымен  таныстырып, оның жұмыс жасау принциптерін үйретті.  Студенттер шеберлік сағатында практикалық білім мен дағдыларды: жылу энергиясын тиімді пайдалану жолдарын талдау арқылы энергетикалық үнемдеудің маңызын білді;  құрал-жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды тәжірибе арқылы меңгерді;  топпен жұмыс барысында кәсіби қарым-қатынас жасау, техникалық есеп беру және шешім қабылдау дағдыларын үйренді.