8Жаңалықтар

КІТАПХАНА –ТАБЫС МЕКЕНІ!



"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда  политехникалық  техникалық  жоғары  колледж  кітапханасында "Кітапхана – табыс мекені!" атты  Ашық есік күні өтті. Шараға 1-курс студенттері қатысып,кітапханаға  экскурсия жасады.
Шараның мақсаты: І курс студенттеріне кітапхананың мүмкіндіктерімен кеңінен таныстырып, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, цифрлық және дәстүрлі білім көздерін тиімді пайдалану дағдыларын дамыту, білім алушыларға ақпараттық білім беру орталығы ретінде кітапхананы, «Кітапхананы пайдалану ережелері» ережелерімен таныстыру.
 Студенттер кітапхананың пайдалану ережелерімен,оқырман ретінде тіркелу жолдарымен танысты. 
 Әбедиет қорының түрлі бөлімдерін аралап, оқу залы мен коворкинг аймақтарын, кітап сақтау орындарын көрді. Бұл аймақтар студенттердің сабаққа дайындалуына, топтық жұмыстар орындауына және шығармашылық  жұмыс  жасауға  ыңғайлы орта болып табылады.
 Арнайы ұйымдастырылған жаңа кітаптар көрмесі көпшіліктің қызығушылын тудырды.
 Сонымен қатар студенттерге электронды базаға кіру және оны  пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Бүгінгі "Ашық есік күніне" қатысқан оқырмандар кітапхананың және кітап оқудың терең тәрбиелік мәнін түсініп, кітап оқитын қоғамға өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп көптеген ақпаратқа қанықты. Кітапхана – әрдайым оқырманға көмек беруге дайын, біздің есігіміз әрқашан ашық!